Триатлоннан Әлем кубогы: ауа райына байланысты әйелдер жарысы дуатлонға ауыстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әйелдер арасындағы дуатлоннан Әлем Кубогының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңімпаздар тұғыры Франция мен Италия спортшыларына берілді. Жарыс мәресіне алғашқы болып франциялық Сандра Доди жетті. Екінші болып оның отандасы Эмиль Мурье келсе, италиялық Анжелика Олмо үздік үштікті түйіндеді. Қазақстандық спортшы Анастасия Автушко жарыстан шығуды ұйғарды.

«Бұл сайысқа жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Бұл мен үшін тамаша тосынсый болды», - деді жеңімпаз Сандра Доди.

Атап өткен жөн, бастапқыда жоспарланған әйелдер триатлоны су температурасының төмендігіне байланысты дуатлонға ауыстырылды.

Спортшыларға жүзудің орнына 5 шақырым қашықтықта жүгірді және велосипедпен 40 шақырым жүріп, тағы 10 шақырым жаяу жүгіру міндеттелді.

«Біз үшін ең қиыны велосипед жарысы болды, себебі барлық күш-қуат велосипедке кетеді. Қазақстанның халқы өте қонақжай және сыпайы, маған барлығы ұнады», - деп сөзін толықтырды Сандра Доди.

Айта кеетйік, Астанада триатлоннан Әлем Кубогы мамырдың 19-20 күндері өтеді. Оған қатысуға 38 мемлекеттен 140 атлет өтінім берді. Спортшылар стандартты қашықтық бойынша сынға түседі. Яғни, 1500 метр - жүзу, 40 шақырым - велокезең және 10 шақырым - жүгіру.

Сондай-ақ, бүгін Триатлон паркте балалар жарысы, концерттік және ойын-сауық бағдарламалары өтеді.

20 мамыр күні Қазақстандағы триатлон спортын насихаттау мен дамыту мақсатында Age Group (әуесқойлар) арасында сайыс болады.
null
nullnull

Соңғы жаңалықтар