Триатлоннан 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтетін қалалар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Триатлоннан 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтетін орындар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

World Triathlon атқарушы комитеті келесі маусымға арналған жарыс күнтізбесін бекітті. 2022 жылы триатлоннан екі Әлем чемпионаты өтеді: Әбу-Дабиде триатлон мен паратриатлоннан әлем біріншілігі ұйымдастырылады, ал Монреалда спринт пен эстафетадан жеңімпаздар анықталады.

Әлем кубогі кезеңдері 12-13 наурызда Жапонияның Миядзаки қаласында басталады.

Соңғы жаңалықтар