Триатлон федерациясының президенті үздік бапкерлерді марапаттады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен жыл сайынғы конгресс өтті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов қатысты.
null 

Конгресс барысында 2017 жыл қорытындыланып, келер жылдың мақсат-міндеттері айқындалды. Жиын барысында 2018 жыл еліміздің триатлоны үшін шараларға толы жыл болатыны сөз болды. Триатлоннан жарыстар келесі жылы шымылдығын ақпан айында Астанада түретін болады.

Конгресс кезінде федерация президенті Кәрім Мәсімов отандық спортты дамытуға үлес қосып жатқан триатлон бапкерлерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

Сонымен қатар, федерацияның бірінші вице-президенті Дәурен Жақсыбек федерация президентіне осыдан бірнеше күн бұрын «Жылдың спорттық жүлдесі» байқауында «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спорттық федерация» номинациясында жеңіп алған жүлдесін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар