Траян Басеску Елбасын Румыния университетінде қазақ тілі кафедрасын ашуға шақырды

None
None
СТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Румыния Қазақстанмен екіжақты қатынастарды дамытуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада Румыния Президенті Траян Басеску Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөзден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т. Басеску энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша, өнеркәсіпті, өндірісті дамыту, мұнай-газ қорын игеруде жабдықтарды шығаруда Румыния Қазақстанның жақсы серіктесі бола алатынын айтып өтті.

«Қазақстан Орталық Азиядағы Румынияның ең басты коммерциялық әріптесі», - деді Т. Басеску.

Румыния басшысы 2009 жылда екі ел арасындағы өзара сауда 800 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны құрағанын және бұл көрсеткішке дағдарыс әсер еткенін айта келе: «Себебі, 2 жыл бұрын біздің тауар айналым 2 миллиард АҚШ долларын құраған болатын. Бұл дегеніміз бізде өте үлкен әлеует бар екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты біз бұл әлеуетті пайдаланғымыз келеді», - деді.

Осы орайда ол Қазақстанның Румыния арқылы Еуропалық одақ нарығына шығу мүмкіндігі туралы айтты.

«Сондықтан біздің ынтымақтастығымызда Румыния инфрақұлымын пайдалану, яғни портты, біздің темір жолдар, құрлық жолдары мүмкіндіктерін ескеруге болады», - деді Т. Басеску.

«Румыния Қазақстанда румын тілі бойынша алғашқы кафедраны ашуға дайын. Бұл дегеніміз Қазақстанда тұратын румын және молдаван қоғамдастығына деген біздің қызығушылығымызды көрсетіп отыр. Сонымен бірге біз Қазақстан Президентін Румынияның университеттерінің бірінде қазақ тілі кафедрасын ашуға шақырдық. Яғни, бұл шаралар болашақта Румыния мамандары Қазақстанда жұмыс істейтін болса қазақ тілінде еркін сөйлеуі үшін жасалмақ», - деді Т. Басеску.

Соңғы жаңалықтар