Травматология пунктінің дәрігерін ұрған: 26 жастағы қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында полицейлер дәрігерді ұрып, соққан 26 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полицейлер Әулиекөл ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған күдіктіні ұстады», – деп хабарлады полициядан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, 3 мамырда сағат 23.50-де қалалық аурухананың травматология пунктіне Қостанайдың 26 жастағы тұрғыны келіп түскен. Ер адамның білегі тілінген. Тексеру кезінде ол ашуланып, озбыр мінез көрсетіп, дәрігерге дене жарақатын салды . Полицейлер келгенге дейін науқас қашып кеткен. Қазіргі уақытта полицейлер «денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар