Травматикалық қару атыс қаруымен бірдей деңгейде қауіп төндіреді - Қ. Қасымов

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Травматикалық қару атыс қаруымен бірдей деңгейде қауіп төндіреді.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Травматикалық қару:заңнамалық реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

«Жалпы, травматикалық қарудың басым бөлігін атыс қарудың тұп-тура көшірмесі деп айтуға болады. Олардың айырмашылығы тек резеңке оқтарында ғана. Дегенмен, бұған қарап осындай қару кісі өліміне соқтырмайды деп айтуға еш келмейді. Бір жағынан бұндай қарудың мүмкіндігін көпшілік ескере де бермейді. Травматика атыс қаруына жатпайды деп ойлау да қате. Өйткені, травматикалық қаруды жақын қашықтықтан қолдану атыс қаруын қолданумен теңдей», - дейді Қ. Қасымов.

Министрдің айтуына қарағанда, әлем елдерінде өзін-өзі қорғауға қатысты арнайы қарулар қолданылады. Бұлардың қатарына электрошоктарды, көзден жас ағызатын газ-қаруларды, сондай-ақ алып жүруге ешқандай да рұқсат талап етілмейтін басқа да заттарды жатқызуға болады.

«Травматикалық қаруы еркін айналымға жататын әрі 200 жылдан бері оны еркін қолдану мәдениеті қалыптасқан АҚШ-та соңғы жылдары көптеген төтенше және қайғылы оқиғалар орын алды, мектеп оқушыларына дейін қару қолдану салдарынан қаза тапты», - деп атап өтті Қ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар