+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Трассада тоңа бастаған: Павлодар полицейлері 56 өзбекстандықты құтқарды

2019 жылғы 15 желтоқсан 23:13
Бөлісіңіз:
Трассада тоңа бастаған: Павлодар полицейлері 56 өзбекстандықты құтқарды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Павлодар – Нұр-Сұлтан» автожолында Ресейден Өзбекстанға бет алған жолаушылар автобусы сынып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар – Нұр-Сұлтан» трассасын патрульдеу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері – капитан Тілеген Сыздықов пен аға лейтенант Аспандияр Тұрлыбаев жол жиегінде тұрған автобусты байқаған. Анықталғандай, автобустың артқы дөңгелегінің күпшегі сынып қалған. Салонда 56 адам болған, оның біреуі – бала, екеуі – автобус жүргізушісі. Жолаушылардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бағдарлық автобус Ресейдің Томск қаласынан Өзбекстанға бара жатқан. Ақау салдарынан жолаушылар көлігі бірнеше сағат бойы трассада тұрған. Адамдар суық салонда тоңа бастаған.

«Полицейлер барлық адамды жылыну үшін жақын маңдағы кемпингке жеткізді. Қазір көлікті жөндеуге қолғабыс етуде. Айта кетсек, аталған полиция қызметкерлері бұған дейін Ресейден Қырғызстанға бет алған 53 жолаушыға, тағы бір жолы Тәжікстан Республикасының азаматтарына көмектескен болатын», - деді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT