Трассада адам қағып кеткен жүргізуші Алматы облысында қолға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен жүргізушіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің Ішкі істер департаментінен хабарланғанындай, қайғылы оқиға Қапшағай қаласының маңында болған және ол жаяу жүргіншінің өлімімен аяқталған.

Айта кетейік, 23 мамыр күні Қапшағай қаласы маңындағы «Алматы-Өскемен» трассасының бойында, Алматы қаласының 53 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Марқұмның денесіндегі жарақаттары оның жол-көлік оқиғасынан қаза болғанын көрсеткен. Осы факті байланысты қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары оқиға орнынан кетіп қалған көлікті анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.

«Жол-көлік оқиғасы болған жерде әзер көрінетін іздер қалған. Олар жаяу жүргіншіні жол талғамайтын көліктің қаққанынан белгі беріп тұр. Үш тәуліктен соң күдік келтірілген Еңбекшіқазақ ауданының 34 жастағы тұрғыны қолға түсіп, полицияға жеткізілді»,- деп хабарлады Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Кәрібаев.

ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қарастырылған сотқа дейінгі тергеу шараларын облыстық анықтау басқармасының қызметкерлері жалғастыруда. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Ұсталған азаматқа тиесілі Toyota Highlander маркілі көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Соңғы жаңалықтар