Транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру керек – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру мәселесін қарауды тапсырды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның транзиттік әлеуеті өте зор. Тасымалдаудың негізгі түрі – темір жолдар болып отыр. Жүк пойыздарының жүк айналымындағы үлесі 90%-дан асады. Транзиттің негізгі бағыты Қытай – Еуропа - Қытай бағытына тиесілі»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы тасымалдау көлемі бір жылда 67%-ға артқанын атап өтті.

«Бұл негізгі бағыт, сондықтан біз транзит үшін барынша ыңғайлы, «жіксіз» орта қалыптастыруымыз керек. Сонымен бірге, транзиттік пойыздарды тексеру үшін ақылға қонымсыз ұзақ мерзімге тоқтату фактілері де бар. Кейде 10 күнге дейін тұрып қалады. Әрине, қатаң кедендік бақылау қажет, бірақ тиімді және заманауи тәсілдерді де пайдалану керек. Үкіметке транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру мәселесін қарауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Президент сөзінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар