Транзиттік көліктерге дизель отыны сараланған бағамен беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Транзиттік көліктер үшін дизель отыны сараланған бағамен беріледі. Бұл жайында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Біріншіден, транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша сараланған бағалар әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндеті қойылды. Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында күніне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70 пайызы - шетелдік көлік. Республикадағы жаңар-жағармай құю станцияларындағы төмен бағалар орташа айлық тұтынудың шамамен 120 мың тоннаға өсуіне алып келеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Болат Ақшолақовтың атап өтуінше, қазіргі уақытта Энергетика министрлік дизель отынына сараланған бағаларды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.

«Бағалар резиденттікке, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты сараланады. Осы бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасатын болады», - деді Болат Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар