Транзит журналына ребрендинг жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстандағы көлік және логистика саласы туралы жазатын «Транзит.kz» журналының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, он жылдан астам тарихы бар "Транзит" журналына ребрендинг жасалды. Таныстырылымға келген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек журналдың министрлік үшін аса маңызды екенін атап өтті.

"Журналдың жарық көруі біз үшін өте маңызды және оған техникалық-ақпараттық қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазіргі уақытта біздің салада ауқымды өзгерістер болып жатыр, көлік, тасымал саласы өзгерді. Қытайдың Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі екі есеге ұлғайды. Экономикамызды әртараптандыру үшін көлік саласын дамыту қажет. Атқарылып жатқан барлық жұмысты БАҚ-та тиімді жариялау керек. Сондықтан жаңа ұжымға табыс тілеймін және өз тарапымнан барынша көмек көрсетуге әзірмін", - деді министр.

null

"Мен үшін Транзит - үлкен медиажоба ғана емес, үлкен сын-тегеурін. Себебі, көлік саласы - Қазақстандағы ең ірі және басым бағыттардың бірі. Географиялық тұрғыда Қытай мен Ресейді темір жол, автомобиль жолдарымен жалғап отырмыз, Каспий теңізінде ірі компаниялар жұмыс істеуде. Біздің ұлттық әуе тасымалдаушымыз Орталық Азияның көшбасшысы атанды. Мұның барлығы Қазақстанның Еуразиядағы орталық хаб екендігін көрсетеді. Бұл тұрғыда біздің команда Қазақстанның көлік-логистикалық хаб ретіндегі имиджін жақсартуға, туристер мен инвесторларды тартуға көмектескісі келеді", - деді "Транзит" журналының бас редакторы Ержан Сейітқазинов басылымның ресми таныстырылымында.

null

Журнал ай сайын 5 мың дана тиражбен шығарылады және Қазақстанның әуежайлары мен темір жол вокзалдарында, ұлттық компанияларда тегін таратылады.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар