Трансұлттық корпорациялар тарту қазақстандық брендті әлемдік нарыққа шығаруға жәрдем береді - А. Рақымжанова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Трансұлттық корпорациялар тарту қазақстандық брендті қалыптастырып, оны әлемдік нарыққа шығаруға жәрдем береді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасы Стратегиялық зерттеулер және болжаулар бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Анар Рақымжанова осылай мәлім етті.

Еске салайық, баспасөз мәслихаты Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформалар аясындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының іске асу мәселелеріне арналған болатын.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» аясында қайта өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласына 10 трансұлттық корпорациялар тарту бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеген еді. Сонымен қатар, Елбасы трансұлттық компанияларға елімізде жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалуы тиістігін баса айтқан болатын.

«Он трансұлттық корпорациялар тарту жергілікті қазақстандық брендттің қалыптасуына септігін тигізеді. Ондай корпорациялар негізінен жаһандық нарықта брендтер құру және оны ілгерілету тәжірибелерімен ерекшеленеді. Яғни, мұндай тәжірибелерді олар Қазақстанда қолданулары керек. Соның ішінде еліміздің агроөнеркәсіп кешені басымдығын трансұлттық компаниялар пайдаланулары қажет. Тоқтала кететін жайт, қазірдің өзінде қайта өңдеу өнеркәсібі саласында шетелдік инвесторлар тарту тәжірибесі де елімізде жаман емес», деді А. Рақымжанова.

Бұл ретте сарапшы, еліміздің даму институттары былтыр қайта өңдеу саласына 3,7 млрд доллар тартқанын, алдағы уақытта жоспарлар жағымды екенін атап өтті.

«Жалпы трансұлттық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру - жақсы тәжірибе. Экономикалық секірістер жасаған дамыған елдердің басым бөлігі осы тетікті пайдаланған болатын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар