Транстелекомның кейбір абоненттері неге интернетсіз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Транстелеком» акционерлік қоғамы кейбір абоненттердің уақытша интернетсіз қалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қауіпті азайту мақсатында жүйелерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда, «Транстелеком» АҚ кейбір абоненттерінің интернет қызметіне қолжетімділігі шектелді. Қызмет 18 қарашада сағат 11:00-де қалпына келтірілді. Интернет жұмыс істеп тұр. Туындаған қолайсызық үшін кешірім сұраймыз», - делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетсек, ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин отандық интернет жұмысындағы ақаулар туралы пікір білдірген еді.

Сондай-ақ, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Ресейден және ОА-ның барлық елдерінен озып тұр.


Соңғы жаңалықтар