«Транстелеком» басшысы бюджет қаржысын қалай ұрлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық сxемасын әшкереледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, «Транстелеком» АҚ Атырау облыстық филиалының басқарушы директоры Руслан Чердабаев бірнеше рет жалған актілерге қол қойған. Оған қоса, арнайы техниканы жалға беру шарттары мен іссапар шығыстарын асыра көрсету, сондай-ақ, жанар-жағармайды заңсыз шығысқа шығару арқылы жалпы сомасы 3,2 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жамқырды деген күдік бар. Чердабаев онымен қоймай, өз сыбайластарымен магистральдік кабельді қорғауға арналған 5,9 миллион теңгені үптеп кетпекші болған. Бірақ Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары аталған қылмыстық жоспарды дер кезінде әшкереледі.

«Ол ақшаны Чердабаев магистральдік желілер бөлімінің басшысы Қабдыжәлеловпен сөз байласып, қызметтер көрсету бойынша жалған шартты толтыру арқылы ұрлауды жоспарлаған болатын. Қазіргі таңда сот санкциясымен Чердабаев үйқамаққа алынды. Ал Қабдыжәлелов өз кінәсін мойындауына байланысты ұсталған жоқ», - дейді агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxин.

«Транстелеком» АҚ-сының құрылтайшысы - «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлім басшысын 1,7 млн теңгемен ұстағаны туралы видеоны жариялаған болатын.

Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институтының басшылығы патологанатомдық қызметке заңсыз жарнама жасап, сол үшін жүйелі түрде пара алып келген.

Соңғы жаңалықтар