+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Транстелеком 17 мың шақырымдық интернет желісін тартты

2019 жылғы 20 қараша 14:01
Бөлісіңіз:
Транстелеком 17 мың шақырымдық интернет желісін тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Транстелеком» АҚ соңғы 20 жыл ішінде 17 мың шақырымдық интернет желіні тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміржол саласы үшін интеллектуалды жүйені қалыптастыру мақсатында «TTC» брендімен танымал «Транстелеком» посткеңестік кеңістікте алғаш рет «Қазақстан темір жолы» компаниясы үшін «Жетеккүш энергетикалық диспетчер бөлмесі» және «Магистраль» автоматты басқару жүйелерін іске қосты. Олар бизнес-процестерге, энергия мен еңбек ресурстарын үнемдеуге оң әсер етіп, өндіріске оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.




Қызметтерді әртараптандырудың арқасында «Транстелеком» бүгінгі күні салалық бағытты еңсеріп, IT саласындағы телекоммуникация және жүйелік интеграция нарығында ең ірі провайдерлардың бірі болып отыр. TTC компаниясы – ел экономикасының дамудың түбегейлі жаңа жолына өтуіне және цифрлық теңсіздікті жоюға ықпал ететін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы екенін атап өтуге болады.

20 жыл ішінде «Транстелеком» 17 мың шақырымдық талшықты-оптикалық желі тартып, шалғай ауылдар мен станцияларды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде мектептер, диспансерлер, ауылдық әкімдіктер және бизнес үшін жаңа перспективалар ашылды. Үйден шықпай-ақ адамдарға қызмет алуға мүмкіндік бар.

ТТС компаниясы шетелдік операторлармен жылдамдығы жоғары шекаралық өткелдерді құру және маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдыңқ нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамытып жатыр. TTC Қазақстанда алғашқы болып SOC ақпараттық қауіпсіздік мониторингі орталығын құрған. Сол секілді, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының бастаушысы Қытай, Орталық Азия елдері мен Еуропа арасындағы коммуникациялар мен логистиканы дамытудың ғаламдық жобасы аясында ТТС «KazTransCom» АҚ-мен бірлесіп Қытаймен шекаралас аумақтан Каспий теңізіне дейін 3 648 шақырымдық байланыс желісін салды. Одан әрі талшықты-оптикалық кабель желісі Каспий теңізінің түбімен Қазақстаннан Әзербайжанға өтеді. Бұл жобаға «Транстелеком» компаниясы да қатысуда.

Республикадағы цифрлық трансформация процесінің белсенді қатысушысы ретінде ТТС компаниясының зияткерлік «кейсінің» сапалы мазмұнына көңіл бөледі. Оның өнімдері, қызметтері және IT шешімдері өзекті және ақпараттық технологиялар нарығында сұранысқа ие. «Транстелеком» АҚ адами капиталдың құнын арттыру бағытында үнемі жұмыс жүргізеді. Компанияның корпоративті мәдениеті қызметкерлердің ең жақсы кәсіптік және іскерлік қасиеттерін сезінуге, бастамалар мен бизнеске шығармашылық көзқарасты дамытуға бағытталған.

Еске салсақ, жақында ғана ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау рәсіміне қатысқан болатын. Жоба трансқұрлықтық бола отырып, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құрады. Каспий теңізінің түбінде ұзындығы 380-400 шақырымға жуық болатын кабель тарту жұмыстарын «Транстелеком» АҚ, «KazTransCom» АҚ және «AzerTelecom» әзербайжан байланыс операторы жүзеге асырады. ТОБЖ 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ол кемінде 4-6 терабит/с сыйымдылықпен ақпараттарды жеткізуге мүмкіндік береді.

«Trans Caspian Fiber Optic» бірлескен жобасы деректерді берудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне шығуға, жетекші Еуропа-Азия магистралды бағыттарының қатарына кіруге және әлемдік деректер транзитінде лайықты орын алуға мүмкіндік бергелі отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT