«Транснефть» кондициясыз мұнай үшін 5 қазақстандық компанияға төлем жүргізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Транснефть» кондициясыз мұнай үшін 5 қазақстандық мұнай компаниясына төлем жүргізді. Бұл жайында «ҚазТрансОйл» АҚ-тан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания мәліметінше, Усть-Луга портында шамамен 699 мың тонна кондициясыз мұнайды тиегені үшін шығындарды өтеу мәселесіне қатысты 38 қазақстандық мұнай компаниясының атынан мәлімдеме жасайтын «Транснефть» ЖАҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ арасындағы қол қойылған келісім бар. Аталған келісімге сәйкес, 5 қазақстандық мұнай компаниясына «Транснефть» ЖАҚ тарапынан төлемдер жүргізілді. Мұның алдында 32 компанияға төлем жасалған.

2019 жылдың сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай қалыптасқан. Бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілердің кондициясыз мұнайын тиеуге себеп болды.


Соңғы жаңалықтар