Трансқазақстандық бағдардағы контейнерлік қызмет қалай дамып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KTZ Express» АҚ мен «YuXinOu Chongqing Logistics Co., Ltd» контейнерлік тасымалды дамыту мақсатындағы келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келісім бойынша Қытайдан Қазақстан аумағымен Ресей, Орталық Азия, Иран, Еуропа бағдарларына жүк тасымалы көлемін арттыру және логистикалық қызмет тізбегін дамыту, сондай-ақ  Чунцин (Қытай) -Кашан (Иран) бағдарында алғашқы толық құрамды контейнерлік пойыз ұйымдастыру көзделеді», - делінген «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Осы орайда, автобөлшектер тиелген пойыз қырық тонналық 41 контейнерлік вагоннан жасақталды. Ол Қытайдың Чунцин қаласынан шығып, Қорғас теміржолы арқылы Алтынкөл станциясымен Қазақстан аумағын басып өтіп, Ақтау портымен Иранның Бендер Энзели, әрі қарай Иранның Кашан қаласына бағытталды. Жүк жеткізу мерзімі 17 күнді қамтыды.

«Аптасына бір контейнерлік пойыз жіберіп, мерзімін 12-14 күнге жеткізу көзделіп отыр. Қытай-Иран трансқазақстандық бағдарға тиімді логистикалық қызмет көрсету үшін «KTZ Express» АҚ Қазақстанның транзиттік әлеуетін өсіру тұрғысында контейнерлік тасымалдың теміржол, теңіз және автокөлік түрлерін тарта отырып, Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдаланудың мультимодальдық нобайын ұсынды. 2017 жылдың соңынан бері Қытай-Қорғас, Алтынкөл-Болашақ, Серхетяка -Акяйла, Инчебурун-Никпасанди (Тегеран) Иран бағдарына тұрақты контейнерлік қызмет көрсетіледі», - делінген таратылған мәліметте.

Соңғы жаңалықтар