Транскаспий көлік бағдарын дамыту мәселесі Астана форумында талқыланды

None
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халықаралық форумында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен форум шетелдік делегациялар және халықаралық ұйымдар делегаттары мен бизнес пен ғылыми орта өкілдерінің негізгі ғаламдық мәселелерді талқылаған диалог алаңына айналды.

»Орта дәліз: еуразиялық байланысты нығайту«атты панельдік сессияда жетекші әлемдік сарапшылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) жұмысының тиімділігін арттыру жайын талқылап, Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. 2023 жылдың өткен 5 айында Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 42% артқан.

ЕДҚҚБ-ның Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитайдың айтуынша, Орта дәліз түрлі елдердегі ірі өндірістік орталықтарды байланыстырады және бағдар әлеуетін толық пайдаға асырып,»тар«орындарды жою үшін қатысушы елдердің ғана емес, сонымен қатар осы бағдардағы басқа да негізгі елдердің өзара іс-қимылы қажет.

Сарапшылар ТХКБ-ны сәтті дамыту тарифтік және реттеуші режимді өзгертуді, инфрақұрылымның өткізу қабілетін дамытуды, үйлестіру жолдарын әзірлеуді, барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығын қажет етеді деген пікірге келді.


Соңғы жаңалықтар