Транскаспий дәлізімен жүк тасымалдау көлемі артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Транскаспий дәлізімен жүк тасымалдау көлемі артып келеді. Бұл туралы Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Агалар Атамогланов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Әзербайжан, Қазақстан және Түркияның Сыртқы істер, Көлік министрлері Баку мен Ақтау қалаларында екі рет кездесу өткізді. Осы кездесулердің қорытындысында қабылданған жол картасы орта дәліздің («Шығыс-Батыс» транскаспий халықаралық орта дәлізі) дамуына тың серпін берді. Қазірдің өзінде аталған бағытта айтарлықтай өсім байқалады. Ол алдағы болашақта да ұлғая түсері сөзсіз», - деді Әзербайжан Елшісі елордада өткен «Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция» тақырыбындағы сарапшылар отырысында.

Оның атап өтуінше, транзиттік дәлізді дамыту мақсатында Баку халықаралық әуежайының өткізу қабілеті жылына 15 млн тоннадан 25 млн тоннаға дейін артты. Ал Баку-Тбилиси-Карск теміржолының өткізу мүмкіншілігі 1 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.


Соңғы жаңалықтар