Транскаспий дәлізімен Қазақстаннан жүк өткізу мерзімі 12-ден 5 күнге азаяды – Смайылов

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімі екі есеге – 12-ден 6 күнге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумында Транскаспий халықаралық көлік бағытының белсенді дамуы туралы айтты.

«Біз Транскаспий бағыты бойынша былтыр Ақтауда өткен министрлердің соңғы кездесуінің нәтижелерін жоғары бағалаймыз. Нәтижесінде Қазақстан, Түркия және Грузия осы дәлізді дамытудың Жол картасын жасады. Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытайдан Еуропаға транзиттік жүктердің өту уақыт кем дегенде үш есеге, яғни 53 күннен 19-23 күнге дейін азайды. Республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Әлихан Смайылов.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзербайжан, Грузия арқылы және одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне өтетін халықаралық көлік дәлізі.


Соңғы жаңалықтар