Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы 6 есеге өспек

None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Биыл контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есеге өспек. Бұл туралы Анкарада өткен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle sorridor) мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, биыл контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есе көбейіп, 50 мың ЖФЭ дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы тасымал алты есеге - 3,2 млн тоннаға дейін артады деген болжам бар. Айта кету керек, 2022 жылдың 4 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 733 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл - 5 мыңнан астам вагон ары-бері өтіп, 10 мың ЖФЭ контейнерлерді діттеген жеріне жеткізді деген сөз.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Қара теңізі арқылы Еуропа елдеріне өтеді.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.

Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.

Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 14 маңызды құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Күннің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.


Соңғы жаңалықтар