«Трансформер» фильміне түскен актер Шығыс Қазақстанда жүр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Оқырмандарының саны 8 млн адамнан асатын қытайлық төрт әйгілі блогер Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерін аралап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрші елдің танымал бологерлерін Қазақстанға «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы шақырған екен. 2 күн Алматы мен Шымкентті аралаған меймандар бір апта бойы  Шығыс Қазақстанның Катонқарағай, Глубокое, Зырян аудандарының ең көрікті жерлерін аралады.  Төрт блогер Шығысқа жасаған саяхаттан алған әсерлері туралы арнайы брифингте айтып берді.

null    Құрамында «Синхуа» агенттігінің тәуелсіз фотографы Се Бинцинь, гастроном-блогер Сун Сяопен, саяхатшы блогер Жан Жи Тао, жазушы әрі блогер Лиу Венвен блогерлер тобы Берел қорымдары, Рахман қайнары, Ақбауыр тауы, Бұқтырма су қоймасы мен Алтай Альпісі сияқты нысандарды аралап, жергілікті халықпен сұхбаттасыпты.

null«Іргемізде Қытайдың миллиард адамдық нарығы жатыр. Бұл Шығыс Қазақстан сияқты туристік әлеуеті үлкен өңір үшін жақсы мүмкіндік. Әзірге қытайлық туристерді виза мәселесі тежеп отыр. Әйтпесе біздің әсем табиғатқа қызығушылық жоғары. Бұл келген блогердің әрқайсында тек Weibo желісінде ғана 2 млн оқырманы бар. Сондықтан оларды шақыру арқылы біз Қытай туристерінің назарын өзімізге аудара алдық» - дейді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

nullҚытайлық блогерлердің арасында өз елінен бөлек әлем жұртшылығына танылып үлгергендері де бар. Лиу Венвен «Трансформер» фильмінде эпизодтық рөлге түскен екен.

Меймандар Шығыс Қазақстанның табиғаты мен тарихы өте қызықты болғанымен, сервис жағын дамыту керек деген ұсыныс айтты. Олар әсіресе ақысыз интернет ұсыну, ағылшын тілінде ақпарат беру, жол талғамайтын көліктерді жалға беру, автомобиль жолдарын жақсарту сияқты мәселелерге ерекше тоқталды.

null

Соңғы жаңалықтар