Трансформатордағы өрт сөндірілді - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трансформатордан шыққан өрт сөндірілді.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы хабарлама кешкі сағат 9-да түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер электр желісі қызметінің нысанды электр эвнергиясынан өшіруін жəне рұқсат қағазды күтіп тұрып қалды. Тек 30 минуттан соң ғана өрт сөндірушілер нысанды өшіруге кірісті. Түнгі 22.00 шамасында жалын ауыздықталды.

Аталғар нысан «Град плюс« ЖШС-на тиесілі екендігі белгілі болды. Трансформатор «Думан» шағынауданына жарық беріп келген.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар