Трамвай жолында тіреліп қалған автобус жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)
2015 жылғы 30 қыркүйек 16:47

Трамвай жолында тіреліп қалған автобус жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвай жолында тіреліп қалған автобус жүргізушісі жазаланды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Интернетте жарияланған бейнероликті бүгін әкімшілік полиция басқармасы дереу тексеруге алды.

Онда көрініп тұрғандай, 16 бағыттағы автобус Төле би көшесіндегі трамвай жолында тіреліп қалып, жеңіл рельсті көліктердің жолында жол қозғалысын қиындатқан.

«Белгілі болғандай, автобус жекеменшік тасымалдау компанияға тиесілі екен. 24 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚбК 596 бабы 1 тармағы (жаяу жүргін жолы, тротуармен жүру) бойынша айыпталып отыр. Бұл бап бойынша айыппұл көлемі 15 АЕК, яғни 29730 теңгені құрайды», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Еркін Өтегенов.

Jańalyqtar

MURAǴAT