Трамвай депосында болған өрттің мән-жайы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвай депосында түнгі сағат 03:34-те тұтанған өрттің жай-жапсары белгілі болды. Бұл туралы «Алматыэлектркөлік» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

Трамвай депосының пайдалану және өндіріс бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша, 16 жылжымалы құрам сыртқа шығарылған. Олардың ешқайсысын өрт зақымдамаған.

Таңғы сағат 06:00-де №4 бағыттағы 3 және №6 маршрут бағытындағы 2 жылжымалы құрамның жұмыс уақыты кешіктірілді. Өрт толығымен өшіріліп болған соң 5 көлік өз маршруты бойынша жолға шығады.

Әзірге қала бойынша 9 жеңіл рельсті көлік жолаушыларды тасымалдауда.

«Трамвай депосындағы көліктердің күнделікті техникалық қараудан өтуі тілсіз жаудан аман қалған бокс ғимаратында бұрынғы режимде жалғаса береді. Қызметкерлер қажетті мүліктерді жанып кетуден сақтап қалды. Төтенше жағдай муниципалды депоның жұмысына ықпал етпейді», - деді «Алматыэлектркөлік» ЖШС баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Гоголь-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы трамвай депосында таңғы 3:40-та өрт шыққан болатын. Тілсіз жау аумағы 1800 шаршы метр болатын ғимараттың шатырын жарамсыз етті. Оқыс оқиға салдарынан жапа шеккен адамдар жоқ. Өрттің шығу себептері қазір анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар