Трамп Түркияға қарсы санкцияны алып тастады

None
None
АНКАРА. АНАДОЛУ-ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Дональд Трамп Түркия қарулы күштерінің «Бейбітшілік көзі» контртеррористік операцияларына байланысты Анкараға енгізілген санкцияны тоқтатуды бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен қаржы министрлігіне 14 қазанда Түркияға қатысты енгізілген санкцияның күшін жоюды тапсырдым», - деді Америка көшбасшысы.

Ақ үй басшысы келісім жүргізілгеннен кейін Түркияның «Бейбітшілік көзі» операциясын тоқтатқанын атап өтті. АҚШ президенті Сирия-Түркия шекарасында оқ ату тоқтатылып, жағдайдың тұрақталғанын мәлім етті.

«Қашықтығы 20 миль (32 шақырым) болатын қауіпсіздік аймағы құрылды», - деді ол.

АҚШ қаржы министрлігі Түркияның екі министрлігі мен үш министріне қатысты санкциялардың ресми жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Америка қаржы ведомствосының жариялаған пресс-релизінде айтылған.

Шектеу шаралары осы жылдың 14 қазанында Түркия ҚК Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік көзі» контртеррористік операцияларын жүргізуіне байланысты енгізілген еді.

Соңғы жаңалықтар