Трамп тарихи саммитке қатысу үшін Хельсинкиге келді

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Мәскеуде өткен футболдан әлем чемпионаты аяқталған соң көпшіліктің назары бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің тарихи кездесуі өтетін Хельсинкиге ауды. Трамп пен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Хельсинкиге жексенбі күні кешке келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі USA Today сайтына сілтеме жасап.

Соңғы тоғыз жыл ішіндегі Америка мен Ресей саммиті Трамп Ұлыбританияға келгеннен кейін бірден Хельсинкиде өтетін болады.

Путинмен өтетін бетпе-бет кездесуге шақыру таратылмайды. Бар болғаны, Трамп Вашингтон мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейтіні белгілі болды.

Өткен аптада Брюссельде баспасөз қызметінің өкілдеріне сұхбат беру кезінде Трамп өткен кездесулерде Путиннің өте сыпайы болғанын айтты.
«Ол - нағыз қарсылас. Алайда жау демеймін. Күндердің бір күні достасып кететінімізге сенемін», - деді Трамп.

Трамп пен Путин арасындағы кездесуге Хельсинки қаласы жайдан-жай таңдалмады. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, дәл осы Финляндияда алдымен америкалық және кеңестік билік өкілдерінің кездесулері, артынан Америка мен Ресейдің келіссөздері жүргізілгені белгілі болды. Бұған елдің географиялық орналасуы мен бейтараптық саясатын ұстануы себеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар