+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды

2020 жылғы 29 мамыр 10:05
Бөлісіңіз:
Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі әлеуметтік желілердің қызметін реттеуге бағытталған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Жарлыққа қол қоймас бұрын Ақүйде сөйлеген Трамп, бұл қадам «сөз бостандығын өзі тап болған Америка тарихындағы ең қауіпті қауіптердің бірінен қорғауы тиістігін» мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, әлеуметтік желілердің монополиялары Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық және жеке коммуникациялардың басым бөлігін басқарады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер жеке адамдар мен кең аудитория арасындағы байланыстың кез келген түрін цензураға тексеріп, шектеп, редакциялап және өзгерте алатындай бақылаусыз билікке ие екенін атап өтті.

Жарлықтың мәтіні «Коммуникация тәртібі туралы» заң ретінде белгілі заңға бағытталған. Осы Заңның 230-тарауы өздерінің жеке платформаларын бақылайтын және басқаратын веб-сайттарға иммунитеті мықты және бұрын-соңды болмаған қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік желілер бейтарап платформа болып табылады деген теорияға негізделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT