+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Трамп Ақ үй қызметкерлерін жалғандық детекторында тексермек

2019 жылғы 12 қазан 21:14
Бөлісіңіз:
Трамп Ақ үй қызметкерлерін жалғандық детекторында тексермек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ-қа қажетсіз ақпарат тарататын Ақ үй қызметкерлерін жалғандық детекторы арқылы анықтау мүмкіндігін талқылады, деп жазады Politico.

Басылымның хабарлауынша, Трамп президент болып сайланғаннан кейін-ақ полиграфты пайдаланғысы келген. Дегенмен, оның көмекшілері бұл әдістің тиімсіз болуы мүмкін екенін айтып, тоқтатқан.

«Ақ үйдің кейбір қызметкерлері өздерінің адалдықтарын дәлелдеу үшін ерікті түрде жалғандық детекторында тексерістен өткен», делінген ақпаратта.

Басылымының хабарлауынша, енді ақпаратшыларды шпиондарға теңеген АҚШ президенті оларды жазалаудың жолдарын қарастырып жатыр.

Бұған дейін Трамп президенттікке түскелі бері БАҚ-та «жалған» ақпарат тарайтынына шағымданған еді. Сонымен қатар ол The New York Time мен басқа БАҚ-тарды фейк басылым деп айтқан еді. Ал 2017 жылы ақпан айында ол журналистерді халық жауы деп атады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT