+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Трамп 2020 жылы АҚШ президенті сайлауына қайта түспек

2018 жылғы 15 шілде 11:55
Бөлісіңіз:
Трамп 2020 жылы АҚШ президенті сайлауына қайта түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дональд Трамп Ұлыбританияға сапары барысында АҚШ Президенті ұшағының бортында британдық тележурналист Пирс Морганға эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Mirror сайтына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Трамп 2020 жылы да АҚШ президенті лауазымына сайлауға тағы да үміткер болатындығын ашық айтып, өзіне лайықты қарсыластың жоқ екендігін атап өткен.

Сайлауға қатысты сауалға жауап берген АҚШ-тың іс басындағы көшбасшысы демократтар арасында өзіне бәсекелес бола аларлық кандидат жоқ деп жауап берген.

«Мен олардың барлығын да білемін және олардың ешқайсысын да өзіммен бәсекелес санамаймын», - деп атап өтеді Дональд Трамп.

АҚШ Президенті ІІ Елизавета патшайыммен кездесуі шын мәнінде айрықша болғанын және онымен Brexit жайында сөйлескенін айтты. Трамптың сөзіне қарағанда, патшайым Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы өте күрделі процесс деп санайды. «Меніңше, ешкім де Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы соншалықты қиын боларына күдік те келтірмеген сияқты», - деп атап өтеді америкалық президент.

Сұхбат барысында АҚШ пен Солтүстік Кореяның қарым-қатынасына қатысты мәселелер де қозғалды. Дональд Трамп өз сөзінде солтүстіккорейлік көшбасшысы Ким Чен Ынмен оңтайлы байланысты жолға қойғанын мәлімдеді. Айтуынша, ол өзінің басқа да көптеген әріптестері сияқты қатал келіссөзші әрі ымырасыз саясаткер.

Трамп Лондонға сапарынан кейін Хельсинкиге барады деп күтілуде. Онда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Айта кетерлігі, нақтыланбаған мәліметтерге қарағанда, Трамптың Ұлыбританияға сапарына наразылық танытқан 250 мың адам Лондон көшелеріне шыққан.

Дональд Трамптың сұхбаты демалыс күні таңертең ITV телеарнасының Good Morning Britain бағдарламасында эфирге шығады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT