USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ТР Әділет және даму партиясының бас хатшысы Халюк Ипек: «Н.Назарбаевтың Жолдауында елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтары анық белгіленген»

2013 жылғы 26 қаңтар 10:44
Бөлісіңіз:
ТР Әділет және даму партиясының бас хатшысы Халюк Ипек:  «Н.Назарбаевтың Жолдауында елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтары анық белгіленген»

ЫСТАМБҰЛ .25 қаңтар . ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жалғастыруда.

Атап айтқанда, Елшіліктің ұйымдастырушылық қолдауымен Түркияға келген «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мен «Арда» газетінің өкілдері Әділет және даму партиясының Бас хатшысы - ТР Парламентінің қазақ-түрік достық тобының төрағасы Халюк Ипекпен, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының басшылығымен, сондай-ақ Түркия университеттерінде оқып жүрген қазақ студенттерімен кездесті.

Халюк Ипекпен кездесу барысында қазақстандық өкілдер еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытының негізгі жетістіктері, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050 стратегиясы» Жолдауында қойған мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде түрік саясаткері Жолдаудың мазмұнын жоғары бағалады, әсіресе құжаттың әлеуметтік бағыттылығы ерекше қызығушылық туғызды.

«Жолдауда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтары, мемлекетті, қауіпсіздікті одан әрі нығайту және бауырлас республика азаматтарының әл-ауқатын көтеру жөніндегі шаралар кешені анық белгіленген»,-деп атап көрсетті Халюк Ипек.

Ыстамбұлда «Жас Отан» мен «Арда» газетінің өкілдері қазақ студенттерімен кездесіп, олармен Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады. Студенттер үшін отансүйгіштік пен төзімділікті дамытуға шақыру ең көкейкесті тұсы болып табылды. Олар сондай-ақ оқу процесіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, біліктілікті қуаттаудың тәуелсіз жүйесін жасау, жастар үшін білім алудың қолжетімділігін кеңейтудің қажеттілігі туралы айтылған жерлерін үлкен қызығушылықпен қабыл алды. Қазақ студенттері Жолдауда қойылған міндеттерге қол жеткізуге белсенді түрде қатысуға әзірліктерін білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT