Тозығы жеткен үйлер қай өңірлерде көп – министрлік мәліметі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев тозығы жеткен үйлердің ең көбі еліміздің қай өңірлерінде орналасқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үйлерді күтіп ұстау және оларды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде күрделі жөндеуді қажет ететін объектілердің үлесі 32%-дан 31,1%-ға төмендеді. Дегенмен әлі де 5 өңірде тозған тұрғын үйлер саны көп болып отыр. Атап айтқанда, Абай облысында – 67 %, БҚО – 63,9%, Ақмола - 59,2%, Жетісу – 52,6% және Алматы қаласында- 52,4% құрайды», - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Министрдің есебінше, былтыр 11 өңірінде 215 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.

«Биыл республикалық бюджеттен тек Қызылорда және Түркістан облысына қолдау көрсетілді. Аталған өңірлерде 2,4 млрд теңгеге 73 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмысы жоспарланып отыр. Одан бөлек, 219 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 7 өңірден өтінім түсті. Оған қаражат бюджетті нақтылау кезінде қарастырылады. Осы орайда көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қаржы қажет өңірлер, өтінімді республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін тездетіп ұсынуы қажет», - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін М. Қарабаев биыл 200-ге жуық елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтылатынын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар