Тозығы жеткен Шелек ауруханасы жөнделеді - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында елімізде тозығы жеткен ауруханалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл өте үлкен мәселе. Біз де тікелей айтып жатырмыз. Қазір еліміздегі ауруханалардың 65 пайызы ескірген. Оның барлығын жаңадан салу немесе күрделі жөндеуден өткізу керек. Олардың арасында аудандық ауруханалар көп. Себебі соңғы кездері қалалық, облыстық деңгейде ауруханалар көп салынды», - деді министр.
Оның айтуынша, Шелек ауруханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы жоспарлануда.
«Біздің бюджеттік кодекс бойынша, жергілікті мемлекеттік медициналық ұйымдар тікелей жергілікті әкімдікке қарайды. Яғни, жергілікті бюджеттен ақша бөлінуі қажет. Шелек ауруханасы мәселесін өткен аптада Үкімет отырысында қарастырдық және қажетті қаржыны бюджеттен жоспарлап отырмыз. Сол жоспар бекітілген соң жергілікті әкімдік жөндеу жұмыстарына кіріседі», - деді Біртанов.
Еске сала кетсек, бұған дейін біз Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы орталық ауруханасының мүшкіл жағдайы туралы хабарланған болатынбыз.
- Балқаш ауданындағы өрт ошақтарын құтқарушылар әуеден бақылауға кірісті
- Шымкентте дәрігерлер үш айлық нәрестенің тыныс жолынан түйреуішті алып шықты
- Алматы облысының орман алқабындағы өрт ошағының көп бөлігі сөндірілді
- Алматының шеткі аудандарында бірнеше емхана құрылысы басталды
-
ҚМДБ аурухана қызметкерлеріне медициналық жабдықтар мен азық-түлік себеттерін сыйлады
-
Оралда Lexus автокөлігі қағып кеткен 25 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам