Toyota үш жүз мыңнан астам көлігін қайта шақыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota концерні бүкіл әлемге тараған түрлі модельдегі 361,8 мың автомобилін үш түрлі ақау шығу салдарынан қайта шақыртуда, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

170 мың Toyota Camry көлігін басқару жүйесінен шыққан ақаулығына байланысты шақыртуда: көліктердің 120 мыңы Еуропадан, тағы 40 мыңы - Жапониядан шақыртылады. Жапонияда сатылған Hiace, Regius Ace және Dyna модельдерінің 105,8 мың данасының бензин құбырын ауыстыру қажет. 86 мың жапондық Toyota Crown мен Crown Majesta көліктерінің қауіпсіздік белдіктері жүйесінде ақаулық бар.

Компанияға анықталған ақаулықтармен байланысты болған қайғылы оқиғалар немесе жол-көлік оқиғаларының орын алу жағдайлары белгісіз.

Соңғы жаңалықтар