Toyota негізін қалаушының немересі компания президенттігінен кететін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапониялық Toyota Motor Corporation автомобиль құрастыру корпорациясы атқарушы директор Акио Тойоданың басшылық қызметтен кететінін мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Акио Тойоданың орнын Toyota Lexus брендінің басшысы Кодзи Сато баспақ.

Жасы 53-ке келген Кодзи Сато Toyota-ның брендинг жөніндегі директоры, «Lexus International» люкс брендінің және Toyota Gazoo спорт брендінің президенті қызметтерін атқарып отыр.

Ал 1 сәуірден бастап бүкіл компанияның атқарушы директоры лауазымындағы қызметіне кіріседі.

Kyodo News-тің мәліметінше, Сато Toyota-дағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Ал 2016 жылы Lexus International-дың люкс класты Toyota брендінің бас инженері болды.

1 сәуірде орынтағын К.Сатоға босататын 66 жастағы Акио Тойода – өнертапқыш Сакичи Тойоданың шөбересі, Toyota Motors компаниясының негізін қалаған Киичиро Тойоданың немересі.

Қазіргі қызметіне 2009 жылы тағайындалған. Содан бері компанияны үздіксіз басқарып келді.

Компанияның баспасөз қызметі Тойоданың автоконцерннің директорлар кеңесіне төрағалық ететінін жазды.

Кеңестің қазіргі төрағасы Такэси Утиямада кеңес мүшесі болады.


Фото: english.kyodonews.net


Соңғы жаңалықтар