Toyota миллионнан астам көлікті қайтарып алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониялық Toyota Motor миллионнан астам Prius және C-HR  автокөліктерін жану қаупіне байланысты қайтарып алады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі компанияның ресми өкілі Жан-Ив Жоға (Jean-Yves Jault) сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қайтарылатын 1,03 миллион автокөліктің 554 мыңы Жапонияда болса, 192 мыңы - АҚШ-та. Қалған көліктердің қай елдерге сатылғаны хабарланған жоқ.

Компания өкілі бір рет көлік тұтану оқиғасының болғанын және ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті.

Toyota дерегі бойынша, қозғалтқыш пен басқару блогын жалғап тұрған сымдар уақыт өте келе ескіріп, қысқа тұйықталуға немесе жануға  соқтыруы мүмкін. Автоөндіруші биыл мамырға дейін шығарылған барлық Prius көліктері мен C-HR моделінің гибридтік нұсқасын қайтарып жатыр. Toyota Prius соңғы нұсқасын 2015 жылы, ал C-HR көлігін 2016 жылдың желтоқсанынан бастап шығаруда. 

Соңғы жаңалықтар