Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

«Тойота Сити Алматы» автосалонын 300 млн теңгеге «сазға» отырғызған күдікті ұсталды

2018 жылғы 25 тамыз 12:55 417
Бөлісіңіз:
«Тойота Сити Алматы» автосалонын 300 млн теңгеге «сазға» отырғызған күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «Тойота Сити Алматы» автосалонының 300 млн теңгеге жуық қаражатын ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында «Тойота Сити Алматы» автосалонының бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұстады. Ұсталған күдікті жаңа автокөліктерді сату желеуімен азаматтардан 150 млн теңгеден астам ақша алған. Сонымен қатар ол клиенттердің жаңа көлік сатып алу үшін төлеген шамамен 140 млн теңге сомасындағы қаржыларын иеленіп кеткен», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, Ақтөбе облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері өңірдің жергілікті 2 тұрғынын ұстаған. Олар Қандыағаш қаласынан 160 шақырым жердегі кен орнында тұрған контейнерлерден құны 200 млн теңгеден асатын бұрғылау қондырғыларын ұрлаған.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT