Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Тойдан кейін 17 адам уланып, ауруханаға түсті

2018 жылғы 15 ақпан 02:18 1558
Бөлісіңіз:
Тойдан кейін 17 адам уланып, ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош облысында 17 адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Кабар

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, адамдардың жаппай улану оқиғасы тойдан кейін болған. Тағамнан уланғандардың төртеуі 2015 жылы туған балалар.  Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалауда.

Тойда уланғандардың саны басында он адам болған, кейін министрлік өкілдері  зардап шекендер санының бұдан да көп болуы мүмкін екендігін айтты

Алдын ала зерттеу нәтижесіне сәйкес,  адамдар қолдан жабылған компоттан улануы мүмкін. Оқиға тексеріліп жатыр.

 

 

 

 


Басты сөздер: Қырғызстан, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат