Тойда тостқа шығып, төбеге оқ атқан азамат айыппұл төлейтін болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тойда тостқа шығып, төбеге оқ атқан азамат 15 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Мұндай шешімді Талғар ауданының соты шығарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, төрт рет аспанға оқ атқан азамат өз іс-әрекетіне қатты өкініп, кінәсін толықтай мойындаған. Ол әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Яғни, ұсақ бұзақылық жасады деген ер адам мемлекет қазынасына 14 585 теңге төлейді

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде тойда тілек айтуға шыққан азаматтың бірі кенеттен жоғарыға қарай оқ атып, желі қолданушыларды шошытқан болатын. Артынша ол көпшіліктен бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.


Соңғы жаңалықтар