Тойда автоматпен жүрген күзет қызметін прокуратура тексереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тойда әншілерді автоматпен қоршауға алып, күзетіп тұрған күзет қызметін прокуратура тексереді. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 қарашада Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойын ұйымдастырушылар әртістер өнер көрсеткен кезде тәртіпті қамтамасыз ету үшін күзет агенттігінің қызметкерлерін тартқан. Қазіргі уақытта аталған күзет ұйымына қатысты қызметкерлерінің қызметтік қаруды пайдалану тәртібін бұзу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар, ресми өкілдің айтуынша, Кәсіпкерлік кодекс аясында прокуратура органдарына күзет қызметін жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасалды. Яғни, аталған ұйымның күзет қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Бұған дейін, әнші Серікбол Сайлаубек ән салып жатқан кезде автоматпен  қоршауға алған күзет фирмасы қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға берілетіндігін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар