Той-жиынға қатыспауға кеңес береміз – Елжан Біртанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус қаупіне байланысты халыққа кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтарға айтатын кеңесіміз, қазір көп халық қатысатын шараларды тоқтату керек, мысалы той немесе басқа да шараларға қатыспау... Мектеп бойынша шешім қабылданды. Ал балабақша бойынша қазіргі уақытта біз ондай шешім қабылдаған жоқпыз. Ата-аналар өздері шешуі мүмкін. Кейбір ата-ана жұмысқа барғаннан кейін баланы бір жерге қалдыру керек. Қазір балабақшаларды жабу бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Мүмкін жағдай нашар болса тиісті шараларды қабылдаймыз. Ал өңір әкімдіктерінде өздігімен шешім қабылдау құқығы бар», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.




Соңғы жаңалықтар