Той индустриясын Интернет дәуіріне лайықтау керек - Vox

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кез келген той көп қаржыны қажет етеді. Vox басылымының жазуынша, тойға көп шығын кетірмейтін жолдарды қарастыратын уақыт келді.

«Той индустриясында ең көп шығын үйлену тойларына кетеді. Енді некеге тұру үшін ақша кетірмеуге мүмкіндік беретін электронды платформалар пайда бола бастады. Бірақ оның өзі қазіргі таңда 650 миллион доллар тұрады. Америкадағы мұндай электронды платформа арқылы 17 мың жұп некесін қиған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, АҚШ-та той индустриясының табысы жылына 3 миллиард долларды құраса, әлемде бір жылда тойға 72 миллиард доллар жұмсалады.

«АҚШ-та 2017 жылы бір тойға орташа есеппен 33 391 доллар жұмсалған. Яғни, адамдар тойға көп шығын шығарады. Бұл ақша ауаға кеткенмен бірдей. Себебі бірнеше сағатқа бола көп ақша жұмсайтын уақыт кетті», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, той индустриясын Интернет дәуіріне лайықтау керек.

«Жыл сайын қырық миллион адам тойды онлайн түрде жоспарлайтын болған. Той көйлектері, неке жүзіктерін де онлайн дүкендерден сатып алушылар қатары артып келеді. Яғни, тойға қатысты бизнес өрге жүзбейтінін болжау қиын емес. АҚШ-та жылына екі миллион үйлену тойы болады. Дегенмен, бұл той индустриясына көп табыс әкеле алмайды», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар