Той алдында өртенген мейрамхана: Өрт себептері анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы «Астам» мейрамханасындағы өрттің себептері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астам» мейрамханасының банкет залы, сонымен қатар  1200 шаршы метр аумақтағы төбе жабындысы өртенді. Құтқарушылар жеткенше 75 адам өздігімен сыртқа шықты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша  өрт шатырдағы жөндеу жұмыстары барысында шыққан», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сағат 19:45-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 9 техникасы жұмыс істеді. Барлығы 40 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Еске салайық, кеше сағат 17.30 шамасында облыс орталығындағы «Астам» мейрамханасынан өрт шықты. Өрт туралы облыстық ТЖД қызметіне мейрамхана күзетшілері хабар берген.

Соңғы жаңалықтар