«Тоттенхэм» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» командалары арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін аталған кездесудің бірінші таймында болған елеулі оқиғаларды жазған болатынбыз.

Айта кетейік, бұл ойын көп гол соғылуымен есте қалды. Екінші таймды алаң иелері ширақ бастады. Әккі шабуылшы Серхио Агуэро таблодағы есепті 4:2-ге жеткізді. Ал алаңға тыңнан қосылған «Тоттенхэм» шабуылшысы Фернандо Льоренте ойын тізгінін қолға алды. Ол қорғаушы Аймерик Ляпорттың қателігін пайдаланып, есепті бір голға дейін қысқартты.

Соңғы минутта Рахим Стерлинг кезекті мәрте мергендік танытқан, алайда оның голы есепке алынбады.

Төреші қосқан қосымша уақытта алаң иелері қанша тырысқандарымен қажетті есепке қол жеткізе алмады. Осылайша, келесі кезеңге Маурисо Почеттинодан тәлім алатын «Тоттенхэм» командасы өтті.

Соңғы жаңалықтар