Төтенше жағдайлар вице-министрі ШҚО-дағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Шығыс Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында Семей қаласындағы су тасқынына қарсы жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Пристань, Мирный, Восточный кенттері және Бейбітшілік аралында 1026 тұрғыны бар 254 үйді жыл сайын су басады. Биыл жергілікті атқарушы органдар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 2566 метрді құрайтын жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізген. Қазіргі уақытта жағалауды тазарту жұмыстары аяқталып, темірбетон плиталар төселуде.

«Осылайша, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, 73 000-нан астам адамды сумен қамтамасыз ететін құдықты су басуына жол берілмеді. Сондай-ақ Семей қаласына сапары барысында вице-министр өрт сөндіру депосына барып, бөлімшелердің жеке құрамымен кездесіп, ҚР ТЖМ №68303 әскери бөліміне барып қайтты», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Марат Күлдіков Бородулиха ауданы Новопокровка ауылына барып, Жура өзенін тереңдету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.


Соңғы жаңалықтар