Төтенше жағдайлар министрлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар функция берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар функция жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Индустрия министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар функция жаңдан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін болды. Атап айтқанда, бейінді комитетке бұрын ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне бекітілген бірқатар функция тапсырылады. Комитетке жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар бекітіледі. Олардың ішінде:

- тау-кен металлургия, көмір, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібін индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері;

- энергия тиімділігіжәне энергия үнемдеу;

- өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- экспорттықбақылауды жүзеге асыру;

- арнайы экономикалық аймақтарды дамыту;

- жергілікті қамту үлесін арттыру.

Сондай-ақ, мына функциялар қосымша беріледі:

- жарылғыш және пиротехникалық заттар айналымы;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестаттау және емтихан;

- қауіпті өндірістік объектілер бойынша жобалық құжаттаманы келісу;

- қауіпті өндірістік объектілердің оқу-жаттығуларын және қабылдау сынақтарын өткізу;

- тау-кен жұмыстарының жоспарларын келісу;

- газбен жабдықтау жүйелеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;

- реттелетін салада рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру;

- өндірісті кобъектілердің авариялар мен олардың салдарын жоюға және оқшаулауға дайындығын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- азаматтық қорғау саласындағы нормалардың сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

- қауіпті өндірістік құрылғыларды, ғимараттар мен құрылыстарды уақтылы техникалық куәландыруды мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

- қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғаларды тексеру.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.


Соңғы жаңалықтар