Төтенше жағдайлар министрі өрттен адамдарды құтқарған екі оқушыны медальмен марапаттады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі өрттен екі адамды құтқарған қарағандылық 2 оқушы Ерасыл және Қанат Смағұловтарды және олардың көршісі Руслан Түсіповті «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты марапаттау шарасы ағайынды Смағұловтар оқитын №12 мектепте өтті. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов батырларға ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтарды оқушылар мен педагогтардың қатысуымен өткен жиында табыс етті.

Өз кезегінде облыстың Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын тарту етті.

«Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл батылдық пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата-аналарына алғыс айтамыз», - деді Нұрлан Бекбосынов.

Еске салайық, 23 қаңтарда Жеңіс көшесінде тұрғын үйге бекітілген қазандықта өрт шықты. Көрші үйде тұратын Ерасыл мен Қанат Смағұловтар қарт көршілерге аулаларын қардан тазартуға көмек көрсетіп жатқан болатын. Олар қазандықтан шыққан түтінді көріп, көмекке ұмтылған. Ағайындылар екі зейнеткерге үйден шығуға көмектесті, олардың бірі – балдаққа сүйенген қарт. Балалар киім-кешек пен құжаттарды да шығарып үлгерді. Көмекке көршілері Руслан Түсіповті шақырған. Өрт сөндірушілерге де хабар берген. Құтқарушылар жеткенше жалынды қолға түскен заттармен сөндіруге кіріскен.

Кейін оқушы екі балаға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғыс айтқан болатын.


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар