Төтенше жағдайлар қызметкерлері пара алу күдігіне ілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айында еліміздің бірқатар өңірінде ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар бөлімшелері қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қалалық ТЖД Наурызбай аудандық бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол 28 жеке тұлғаны өрт қауіпсіздігіне оқыту хаттамасына кедергісіз қол қойғаны үшін 42 мың теңге пара алу күдігіне іліккен.
Ал Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен және ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау бөлімімен бірге облыстық ТЖД Мерке аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженерін пара алу күдігімен ұстаған.
«Ол шекара заставасы бастығынан тексеру барысында анықталған өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзушылығына салынатынн айыппұл көлемін төмендеткені үшін 140 мың теңге пара алу күдігіне ілігіп отыр», - делінген агенттік ақпаратында.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар комитеті «Селденқорғау Құрылыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры пара алуға әрекеттенгені үшін қамауға алынғанын хабарлаған едік.
- Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды
- Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
- Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді
- Ақан Сатаев парақорлар туралы әлеуметтік ролик түсірді
-
Өткен жылы шенеуніктер 245 сыйлықты мемлекетке тапсырған
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде жаңа жобаларды іске қосты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам