Төтенше жағдайлар комитеті 4 жыл бұрын шыққан видеоға түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті әлеуметтік желіде тараған өрт видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеметтік желілер мен мессенджерлерде жылдам таралып жатқан видиеоға қатысты мынаны хабарлаймыз. 2015 жылдың 18 қыркүйегінде Жаңаөзен қаласынан 15 шақырым жерде мұнай қалдықтарын төгуге арналған иесіз қойма өртенді. 2015 жылдың 20 қыркүйегінде өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ескі видеоны әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде неліктен таратып жатқаны түсініксіз», - делінген комитет хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар