Төтенше жағдайлар департаменті: Алматыда көлікті арнайы орындарға қою керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты алматылықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті көлік иелеріне жеке машинасын арнайы автотұрақтарға қоюға кеңес береді.

Ведомство тұрғындарға көлікті ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймау керектігін ескертеді.

Бұған дейін Алматыда қар жауып, күн суытатынын жазған болатынбыз. Бүгін қалада қар жауды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша қазан айының 5, 6, 7 күндері Алматыда қар аралас жаңбыр жауады.

Ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін.

Мегаполистің коммуналдық қызметі қысқа 100 пайыз дайын.


Соңғы жаңалықтар